Руководство

Арыстанбек Мухамедиулы

Президент  Казахстанской Федерации спортивной стрельбы

Календарь

ПнВтСрЧтПтСбВс

 

«Алау» ату тиріне кіріп-шығу ережелері

Осы Ереже «Алау» ату тиріне (бұдан әрі - Объект) келушілердің барлығына міндетті болып табылады, әрі бұл мекеменің жұмыс істеу барысында келушілер үшін барынша қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған, Сіздердің оқып танысуларыңызды және оны қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Объектіге кіруді шешкен келуші осы Ережемен келісетінін растайды. Объект жеке мекеме болып табылады, сондықтан Объектіге келушілер белгіленген ережелерге қарсы дауласа алмайды.

1. Жалпы ережелер

1.1 Объектінің орналасқан жері: Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, № 47 үй, конькимен жүгіру стадионының «А» блогы.

1.2 Объектінің жұмыс тәртібі: күн сайын  08.00-ден  21.00-ге дейін, жексенбі 16-00-ге дейін, дүйсенбі – демалыс.

1.3 Ату галереяларында шұғылдану үшін жазылу Әкімшілік келісімі бойынша жүзеге асырылады. (тел. 706-788).

1.4 Объект Әкімшілігі келушілерге алдын ала ескертусіз жұмыс кестесін реттеуге және Объект қызметіне өзгертулер енгізуге құқылы.

1.5 Объект Ережесі Объектіге келушілердің барлығына бірдей болып табылады.

Объект аумағына кіру жеке тұлғалар ұшін рұқсатнама бойынша, ал атқыштар үшін жалға беруші әкімшіліктің мөрі басылған, жалға алушы ұйымның тізімімен, жеке куәлігін көрсетуі арқылы жүзеге асырылады.

1.6 Алғаш рет келушілер өз еркімен медициналық байқаудан өтуге міндетті және әкімшіге Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын паспорт (куәлік) көрсетуі қажет, сонымен қатар азаматтық қаруды сақтауға және пайдалануға рұқсат қағазын көрсетуі керек. Соңғы аталған құжат болмаған жағдайда мынадай анықтамалар болу керек:

- сотталмағандығы туралы;

- наркодиспансерден;

- психиатриялық ауруханадан;

- көз дәрігерінен.

 

Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар тек оларға кепіл болатын ҚР азаматымен бірге ғана ату аймағына кіре алады.

1.7 Объектіге алғаш рет келуші азаматтардың медициналық байқаудан бас тартуы Объект әкімшілігінің мұндай тұлғалардың жаттығуына қарсылық бірлдіруіне негіз болып табылады. Медициналық байқаудың қорытындысы Объект Әкімшілігінің Объект аймағына кіруге рұқсат бермеу құқығын шектемейді.

1.8 Келуші қоғамдық тәртіп ережелерін бұзған немесе өмірге қауіп төндіру, қызметкерлер мен басқа да келушілердің денсаулығына қарсы әрекеттер жасаса, сондай-ақ басқа да жағдайларда әкімшілік қызметкері немесе күзет қызметі мұндай кез-келген келушіге қызмет көрсетуден бас тартуға немесе оны Объект аймағынан кез-келген уақытта, себебін түсіндірместен және келушінің кеткен шығындарына өтемақы төлеместен шығарып жіберуге құқылы.

1.9 Келушінің Кіріп-шығу ережесін бұзу салдарынан Объект аймағында алған жарақаты немесе жазатайым оқиға үшін егер зиян келтіргені туралы әкімшілік кінәсін растайтын соттың заңды күшіне енген шешімінсіз Объект Әкімшілігі өз жауапкершілігіне алмайды.

1.10 Объект Әкімшілігі қараусыз қалдырылған немесе Объект аймағында жоғалған келушілердің киімдері, құжаттары, ұялы телефондары, әшекей бұйымдары мен басқа да бағалы заттарының сақталуына жауап бермейді. Мұқият болыңыз және заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз.

1.11 Объект әкімшілігінің өкілдері келушілер санын өз қарауына қарай шектей алады, сонымен қатар жекелеген тұлғаларға рұқсатнамасы болуына қарамастан, Объект аймағына кіруіне себебін түсіндірместен рұқсат бемеуге құқылы.

1.12 Объект әкімшілігі есірткіге елтіген немесе ішімдіктен мас болған тұлғаларды, егер олар басқа келушілерге әбігер туғызса немесе қауіп төндірсе Объектіге кіргізбеуге немесе Объектіден кетуін талап етуге құқылы. Бұл ретте мұндай тұлғалардың кеткен шығындары өтелмейді.

1.13 Объект аймағында жұмыс атқаратын күзет қызметкерлері келушілерден кіру алдында алып өтуге тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеру үшін жеке заттарын көрсетуін талап ете алады. Заттарын көрсетуге қарсылық танытқан келушілерге әкімщілік қызмет көрсетуден бас тартып, ондай тұлғалардың Объект аймағынан кетуін талап ете алады. Объект аймағына тыйым салынған заттарды алып өткен келушілер жауапқа тартылады.

1.14 Объект аймағында алып өтуге тыйым салынған заттарды байқаған келушілер бұл жайында нұсқаушыға, әкімшілік қызметкеріне немесе Объект күзет қызметіне тез арада айтуы тиіс.

1.15 Келуші Объектіге материалдық залал келтірген жағдайда әкімшілік қызметкерлері мен күзетшілер оны Объектіден шығарып жіберуге немесе құқық қорғау органы қызметкерлері келгенше ұстай тұруға құқы бар. Бұл ретте келушінің кеткен шығындары өтелмейді. Объектіге келтірілген материалдық шығын айыпты тұлғалардан ерікті түрде немесе сот арқылы Объект әкімшілігі ұсынған ақау актісіне (әкімшілік бекіткен айыппұл көрсеткіштері негізінде) сәйкес толық өндіре алады.

Жоғарыда айтылған шығынды өтеу үшін кепілнеме ретінде әрбір келуші шұғылдануды бастар алдында ең төменгі мөлшері 5 000 теңге көлемінде жарна төлейді және бұл сома келтірілген шығын сомасы алып тасталып, шұғылдану соңында қайтарылады.

1.16 Объект ғимараттарында қару қолдану қауіпсіздік ережелерін бір рет бұзу, сондай-ақ осы Объектіге Кіріп-шығу ережесін  бұзу бұзушыны шұғылданудан, сонымен қатар ату жаттығуларынан шеттетуге немесе жарыстан шығарып тастауға негіз болады.

1.17 Тұлғаны оқу-жаттығу барысынан шеттету, дисквалификациялау немесе оның Объектіге келуін тоқтату барысында мұндай тұлғаның Объект қызметақысын төлеу бойынша кеткен шығындары қайтарылмайды және ешқанда өтемақы төленбейді.

2. Объектіде тыйым салынады:

2.1 мас күйінде немесе есірткіге еліту қалпында болуға;

2.2 рұқсат етілмеген жерлерде шылым тартуға, спирттік сусындарды, есірткі заттарын және рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектерді пайдалануға, таратуға;

2.3 қоғамдық тәртіпті бұзатын, агрессивті ниеттелген тұлғалардың болуына;

2.4 балағат сөздер айтуға;

2.5 Объект ату алаңына 10 жастан төмен тұлғалардың ата-анасының немесе заңды өкілдердің алып жүруінсіз кіруіне;

2.6 салдыр-салақ киінген немесе лас киімдегі тұлғалардың болуына;

2.7 үй жануарларымен бірге кіруге;

2.8 тигізулі шектеулі кез-келген қаруды, оның ішінде аңшылық қарулары, қызметтік, спорттық, қадалғыш-кескіш заттарды, жарылғыш және тез тұтанатын заттарды, кез-келген қорғану құралдары, сондай-ақ тасымалдау рұқсатынсыз немесе Объект әкімшілігінің келісімінсіз аса үлкен сөмкелер мен заттарды;

2.9 азық-түліктер, сусындар әкелуге және оларды Объект аймағында қолдануға;

2.10 ішкі ғимараттарға әкімші немесе нұсқаушысыз кіруге;

2.11 Объект меншігі болып табылатын ішкі көрініс заттарын, гильзаларды, оқ-дәрілерді, қаруды, спорттық құралдар мен басқа да заттарды әкетуге;

2.12 хабарламалар, жарнамалық материалдар орналастыруға, сауалнама жүргізуге және  әкімшіліктің жазбаша рұқсатынсыз тауар таратуға;

2.13 ашық отты пайдалануға, жарылғыш және тез тұтанғыш заттарды қолдануға, оның ішінде пиротехникалық бұйымдарды (отшашулар, бенгеал оты, петардалар және т.б.);

2.14 Объектінің ғимараттарына, құрылғыларына, ішкі көрініс заттарына және басқа да мүліктеріне зиян келтіруге;

2.15 жанжал тудыруға және төбелес шығаруға;

2.16 Объект әкімшілігіне, нұсқаушыларға, қызмет көрсететін тұлғаларға, өзге де қызметкерлерге, сонымен қатар Объект келушілеріне сыйламаушылық танытуға.

3. Объект ату алаңындағы келушінің міндеті:

3.1 қару қолдану қауіпсіздік техникасы бойынша және Объектіде мінез-құлық режесін сақтау бойынша алғашқы нұсқаудан өтуге, қауіпсіздік ережелері мен шаралары бойынша нұсқама тіркеу журналында тіркелуге.

3.2 ату галереясына кірмес бұрын қорғаныс көзілдірігін киюге және оны шешпеуге, сондай-ақ құлаққап немесе беруши киюге.

3.3 нұсқаушының кеңестерін қатаң орындауға;

3.4 қару қолдану қауіпсіздік техникасын сақтауға;

3.5 қарумен атуға тек оның құрылғысын, құрамдас бөліктерін, оқтау және оғын алып қоюды, дәлдеу және атуды жүргізуді оқып уйренгеннен кейін ғана кірісуге;

3.6 егер қару атуға пайдаланылмаса, оның оғын алып қоюға;

3.7 қаруды тек нұсқаушының пәрменімен оқтауға;

3.8 ату бағытында тайқып тиюді тудыратын заттардың жоқ екеніне көз жеткізуге;

3.9 оқ алаңында қаруды, егер ол оқталмаған болса да, қарудың басын нысаналарға бағыттап ұстауға;

3.10 оқ алаңында тұрып, егер ол оқталмаған болса да, жаттығуға қатысы жоқ заттарға дәлдемеуге;

3.11 ұңғы каналдарын атқанға дейін және атқаннан кейін өзге заттардың жоқтығына тексеріп, бар болған жағдайда оларды алып тастауға;

3.12 қарудың бекітпесін ашық бекітпемен созылмалы атыс болмауы үшін, мылтық от алмаған жағдайда 5 секундтан кейін ғана ашуға;

3.13 жаттығуларды орындап болғаннан кейін қарудың оғын алып қоюға, нұсқаушыға тексертуге, сосын оның пәрменімен бақылау шаппа жасау және қаруды қабына салуға немесе нұсқаушыға беруге;

3.14 қаруды қабынан тек нұсқаушының пәрменімен алуға және тек оның қатысуымен, қауіпсіз бағытта;

3.15 қаруды басқа атқышқа пәрменімен беруге және тек оның қатысуымен, қауіпсіз бағытта;

3.16 қару бұзылған жағдайда атуды тоқтатып, бұл жайында нұсқаушыны хабардар етуге;

3.17 ату тек ақаулықты жойғаннан кейін немесе құрылғыны алмастырғаннан кейін жалғастыруға;

3.18 жаттығу соңынан ату қаруын нұсқаушыға ақаусыз қайтаруға.

4. Объект ату алаңында тыйым салынады:

4.1 галереяда бола тұрып, қорғаныс көзілдірігін шешуге;

4.2 ату аймағына кіруге, нұсқаушының қатысуынсыз және оның пәрменін күтпей қаруды оқтауға және атуға;

4.3 қару оқталмаған болса да, адамдарға бағыттауға;

4.4 қаруды оқтың бағытынан ату бағытынан басқа жаққа бұруға;

4.5 ату аймағында адамдар жүрген кезде қаруды ұстауға;

4.6 қауіпсіздік аймағында ату жарақтарымен жүруге;

4.7 ақауы бар қаруды пайдалануға;

4.8 оқты ұңғылыққа күшпен енгізуге немесе бітеп тастауға;

4.9 қару түріне арналмаған оқ-дәрілерді қолдануға;

4.10 атуға ақауы бар оқ-дәрілерді пайдалануға, пайдалану мерзімі біткен және қысқартылған немесе зақымдаушы элементтері бар  қолдануға арналмаған оқ-дәрілерді пайдалануға;

4.11 өз бетінше қаруды бөлшектеп бұзуға, жинауға, қарудың негізгі бөлшектеріне жөндеу жүргізуге, оларға құрылымдық өзгерістер енгізуге;

4.12 мас күйінде, есірткіге еліту немесе басқа да елту күйінде атуға;

4.13 Объект қызметкері болып табылмайын тұлғаларға әкімшіліктен тиісінше жазбаша рұқсатынсыз келушілерге сабақ;

4.14 Объект қызметкерлеріне ғана арналған қызметтік ғимараттарға кіруге, егер тек арнайы шақыртуы болмаса;

4.15 нұсқаушыға ескертпей ату аймағынан кетуге.

5. Объект ату алаңына қару алып кіруге шектеу:

5.1 Ұзын ұңғылы қаруды іріктеуге және оптикалық, коллиматорлы және басқа да көздеу құрылғыларын баптау үшін Объект ату алаңына келушілер тек Объект басшысының қолымен (немесе оның орнын басушы), алдын ала келісіммен тіркеу журналына тиісінше жазбалар енгізу арқылы, яғни сол қару туралы мәліметтер, енгізу мақсаты, кіргізу уақыты мен шығару уақытын белгілеу арқылы кіргізе алады.

5.2Объект ату алаңына келушілер мен Объект қызметкерлері жеке марапат, қызметтік қаруларын тек күзет қызметінің осы қаруға рұқсат құжаттарын тексеруі арқылы кіргізе алады, оғы алып тасталынып, қорабы тапаншадан бөлек, тіркеу журналына қару егесі туралы мәліметтер, қаруды кіргізу және алып шығу уакыты жазылады.

 

Әкімшілік